Ерікті орындалатын файлдардың басқарылатын құрылғыларында іске қосу үшін Kaspersky Security Center қолданбаларын қашықтан орнату құралдарын қолдану

Орнату пакетін жасау шеберінің көмегімен, ерікті орындалатын файлды таңдауға және ол үшін пәрмен жолының параметрлерін белгілеуге болады. Бұл арада, орнату пакетіне таңдалған файлдың өзін де, осы файл орналасқан қалтаның барлығын да салып қоюға болады. Содан кейін, қашықтан орнату тапсырмасын жасап, жасалған орнату пакетін таңдау керек.

Тапсырманың жұмыс барысында, құрылғыларда жасау кезінде көрсетілген, пәрмен жолының параметрлері белгіленген орындалатын файл іске қосылады.

Microsoft Windows Installer (MSI) пішіміндегі инсталляторлар қолданылса, Kaspersky Security Center бағдарламасы орнату нәтижесін талдау бойынша штаттық мүмкіндіктерді қолданады.

Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензия, корпоративтік ортада кеңінен таралған қолдау көрсетілетін қолданбалардың бірі үшін орнату пакетін жасау кезінде, Kaspersky Security Center бағдарламасы өзінің жаңартылатын дерекқорындағы орнату нәтижелерін талдау және орнату ережелерін де қолданады.

Өзге жағдайларда, орындалатын файлдар үшін әдепкі бойынша іске қосылған процестің және ол іске қосқан еншілес процестердің барлығының аяқталғанын күту керек. Іске қосылған процестер аяқталған кезде, тапсырма бастапқы процесті қайтару кодына қарамастан сәтті аяқталады. Тапсырманың осындай жүріс-тұрысын өзгерту үшін, тапсырманың жасау алдында, жасалған орнату пакетінің қалтасы мен оның ішкі қалталарында Kaspersky Security Center жасаған kpd кеңейтімі бар файлдарды қолмен өзгерту керек.

Тапсырма іске қосылған процестің аяқталуын күтпеуі үшін, [SetupProcessResult] секциясында Wait параметрі үшін 0 мәнін белгілеу керек:

Мысалы:

[SetupProcessResult]

Wait=0

Windows платформасында тапсырма өзі іске қосқан еншілес процестердің емес, бастапқы процестің аяқталуын ғана күтуі үшін, онда [SetupProcessResult] секциясында WaitJob параметрі үшін 0 мәнін белгілеу керек, мысалы:

Мысалы:

[SetupProcessResult]

WaitJob=0

Тапсырма іске қосылған процесті қайтару кодына қарамастан сәтті немесе қатемен аяқталуы үшін, [SetupProcessResult_SuccessCodes] секциясында сәтті қайтару кодтарын атап көрсету керек, мысалы:

Мысалы:

[SetupProcessResult_SuccessCodes]

0=

3010=

Бұл жағдайда, атап көрсетілгендерден ерекшеленетін кез келген код қатені білдіреді.

Тапсырманың нәтижелерінде тапсырманың сәтті аяқталғаны туралы түсініктемесі жазылған жол немесе қателер туралы хабар көрсетілуі үшін, [SetupProcessResult_SuccessCodes] және [SetupProcessResult_ErrorCodes] секцияларында процесті қайтару кодтарына сай келетін қателердің қысқаша сипаттамаларын белгілеу керек, мысалы:

Мысалы:

[SetupProcessResult_SuccessCodes]

0 = орнату сәтті аяқталды

3010=A reboot is required to complete the installation

[SetupProcessResult_ErrorCodes]

1602=Installation cancelled by the user

1603 = орнату кезіндегі критикалық қате

Kaspersky Security Center бағдарламасының құрылғыны қайта іске қосуды басқару бойынша құралдарын қолдану үшін (қайта іске қосу операцияны аяқтау үшін керек болса), онда [SetupProcessResult_NeedReboot] секциясында қайта іске қосу қажеттілігін білдіретін процесті қайтару кодтарын қосымша түрде атап көрсету керек:

Мысалы:

[SetupProcessResult_NeedReboot]

3010=

Басына оралу